Аргентина билігі Ресей елшілігінен 400 келі кокаин тапты

0
1 383

​Аргентинаның тәртіп сақшылары димпломатиялық қызмет арқылы Еуропа мен Ресейге есірткі тасымалдау желісін әшкереледі. Табылған наркотиктің бір партиясы €50 млн деп бағаланып отыр, - деп жазады РБК.


Аргентина билігі Ресей елшілігінен 400 келі кокаин тапты

Аргентинаның тәртіп сақшылары димпломатиялық қызмет арқылы Еуропа мен Ресейге есірткі тасымалдау желісін әшкереледі. Табылған наркотиктің бір партиясы €50 млн деп бағаланып отыр, -деп жазады РБК.

БАҚ-тың айтуынша, есірткі тасымалдауға кем дегенде бес адамның қатысы бар. Арасындағы біреуі елшілік қызметкері.

Аргентинаның тәртіп сақшылары Буэнос-Айрестегі Ресей елшілігі аумағынан 12 чемодан кокаин тапқанын жергілікті Todo Noticias газеті жариялаған. Басылым келтірген мәлімет бойынша 389 келі есірткі 360 пакетке салынған.

Бұл мәліметті Аргентинаның қауіпсіздік министрі Патрисию Буллричке сілтеме жасап Associated Press-те жариялады. Оның айтуынша, есірткі тасымалдайтын жолды әшкерелеуге Ресей де атсалықан. Бірлескен тергеу шаралары жылға жуық жүргізілген.