Археологтар 11 өзгепланеталықтың бас сүйегін тапты

0
957

Өзгертілген сүйектер бес ересекке және үш жасқа дейінгі алты балаға тиесілі.


Археологтар 11 өзгепланеталықтың бас сүйегін тапты

ERNUR.KZ. Қытайдың солтүстік-шығысындағы Гирин провинциясында археологтар 25 қаңқаны анықтады, олардың 11-інен бастың әдейілеп майысқан белгілерін байқады, деп жазады ktk.kz.

Өзгертілген сүйектер бес ересекке (төрт еркек пен бір әйел) және үш жасқа дейінгі алты балаға (ұлдар мен қыздар) тиесілі. Олар әртүрлі жаста: ең кіші қаңқа шамамен бес мың жыл бұрынғы деп болжанды. Бұл тәжірибеде кездескен ең ежелгі айғақ заттар. Бас сүйектер "Чужой" фантастикалық фильмін еске салады.

Ежелгі халық өз балаларының бас сүйегін қалай өзгерткені мәлім емес. Бұл, бәлкім, басқа да мәдениеттердегі сияқты жасалған болуы мүмкі. Кей мәдениет бойынша, ежелгі адамдар қалың матаның немесе ағаш элементтерінің көмегімен баланың басс сүйегін өзгертен. Мұндай құралдар баланың сәби кезінде формасын өзгерту үшін басына кигізілген.

«Біз барлық адамдардың бас сүйегінің өзгертілмегенін байқадық. Бұл халық арасында селективті, қасақана мәдени мінез-құлық болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Бұл мәдениеттің ерекшелігі әлі белгісіз болса да, отбасылық немесе әлеуметтік-экономикалық мәртебеге байланысты болуы мүмкін деген болжам бар», - деп жазады қытай ғалымдары American Journal of Physical Anthropology басылымында жарияланған мақалада.

Зерттеудің авторлары Орталық Қытай, Корея түбегі, Жапон архипелагы, Шығыс Сібір, Америка континенті сияқты, солтүстік Қытайдан тыс жерлердегі бұл мәдениеттің орталығы солтүстік-шығыс Азия аймағы екенін атады. Осы мекеннен көшіп-қанғандар ерекше мәдениетті таратқан деп топшылайды. Дегенмен, зерттеушілердің өзі Шығыс Азияны осы ерекше дәстүрдің отаны деп атауға асығар емес.

2012 жылы ғалымдар мексикалық Сонора штатында осыған ұқсас ұзын бас сүйектерді тапты. Олар шамамен мың жыл бұрынғы. Археологтар 25 бас сүйекті тапты. Оның 13-інің сүйегі деформацияға ұшыраған. Яғни, ұзын сопақша болып келген. Ғалымдардың пікірі бойынша, үндістер мәдениетінде, атап айтқанда инк және майя халқында әлеуметтік мәртебесі жоғары немесе белгілі бір топқа жататын адамдардың басы сопақша келген.