Арменияда билік пен әскерге қатысты сын айтуға тыйым салынды

0
767

Жаңа тәртіптің сақталуын полиция қадағалайтын болады.


Арменияда билік пен әскерге қатысты сын айтуға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Арменияда елдің қауіпсіздігі мен қарулы күштеріне қатысты сын айтуға тыйым салынды, деп жазады baq.kz.

27 қыркүйекте Таулы Қарабақ қақтығысына байланысты енгізілген әскери жағдайды ел билігі, осылайша, қатаңдатты. Жаңа тәртіптің сақталуын полиция қадағалайтын болады.

Естеріңізге сала кетейік, елде мобилизация басталып, 55 жасқа дейінгі әскери мінедттілер әскер қатарына шақырылуда. Сондай-ақ әскерилер тұрғындардың көлік техникаларын соғыс қажеттілігіне жұмсауды ұйымдастыруда.

Бұған дейін Армения территориялық бүтіндігіне қауіп төнген жағдайда Ұжымдық қауіпсіздік келісімі аясындағы елдердің қолдауына ие болатыны хабарланған болатын.