Арменияда төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды

0
685

Арменияда төтенше жағдай режимі бұған дейін бірнеше рет ұзартылған еді.


Арменияда төтенше жағдай режимі тағы бір айға ұзартылды

ERNUR.KZ. Арменияда коронавирус індетіне байланысты 2020 жылдың 16 наурызында жарияланған төтенше жағдай режимі 11 қыркүйекке дейін ұзартылды. Мұндай шешім ел Үкіметінің кезектен тыс отырысында қабылданды, деп жазады ҚазАқпарат.

Арменияда төтенше жағдай режимі бұған дейін бірнеше рет ұзартылған еді. Осы жолы тағы бір айға, яғни 11 қыркүйекке дейін, жергілікті уақытпен сағат 17:00-ге дейін ұзартылды.

«Біз төтенше жағдайды тағы ұзартуымыз керек. Бұл соңғы рет болады деп үміттенеміз», - деді Армения премьер-мнинистрі Никол Пашинян.

Ол сондай-ақ осы жолғы төтенше жағдай біраз жеңілдейтінін айтты.

Бұдан бөлек, осыған байланысты бүгін, Ұлттық жиналыста кезектен тыс отырыс болатыны мәлім етілді.

Еске сала кетейік, Арменияда коронавирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай режимі 16 наурызда бір айға енгізілген болатын. Кейіннен 13 сәуірде Армения үкіметі ТЖ режимін 14 мамырға дейін, содан кейін үш рет 13 маусымға, 13 шілдеге және 13 тамызға дейін ұзартылған еді.