Артық салмақ жаһандық жылынуды жылдамдатады

0
1 208

Артық салмағы бар адамдар арық адамдарға қарағанда көмірқышқыл газын көп шығарады екен.


Артық салмақ жаһандық жылынуды жылдамдатады

ERNUR.KZ. Даниялық және америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша, адамдардағы семіздік парниктік әсерді күшейтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көмірқышқыл газының бөлінуіне метаболизм жылдамдығы да, тірі организмдердің дене салмағы да әсер етеді.

Зерттеуде артық салмағы бар адамдар арық адамдарға қарағанда көмірқышқыл газын көп шығаратыны айтылған.

Ғалымдардың пікірінше, семіздік жаһандық проблема ретінде артық 700 мегатонн көмірқышқыл газының бөлінуіне әкеледі, бұл адамдар шығаратын барлық шығарындылардың 1%-ын құрайды. Орташа алғанда семіздікке шалдыққан адамның экологиялық ізі дене салмағының индексі қалыпты адамдарға қарағанда бес есе көп.