АҚШ президенті сотқа шақыртылды

0
1 136

Дүйсенбі күні New York Times басылымы Мюллер мырзаның Дональд Трампқа қоятын қырық сұрағының тізімін жариялады. АҚШ Президенті осыған қатысты наразылық білдіріп, өзінің Твиттер парақшасында «Ешқашан орын алмаған қылмысқа қатысты әділ шешім шығару қиын сияқты көрінеді» деп жазды.


АҚШ президенті сотқа шақыртылды

ERNUR.KZ. Арнаулы консул Роберт Мюллер Дональд Трампқа Ресейге қатысты сұрақтарға жауап беру үшін сотқа шақырту дайындайтынын ескертті. Washington Post газеті наурыз айында Роберт Мюллер мен Дональд Трамптың қорғаушылары арасында болған келіссөздер кезінде арнаулы консул АҚШ Президентін аталған істің зерттеушілермен кездесуге сот шешімі арқылы мәжбүрлеу мәселесін алғаш рет көтергенін жазды.

Наурызда болған кездесуде Дональд Трамптың қорғаушылары «АҚШ Президенті федералды тергеушілердің сұрағына жауап беруге міндетті емес» деп мәлімдеген еді. Бірақ Роберт Мюллер бастаған топ, Дональд Трамп Ресейдің Америкада өткен президенттік сайлауға қатысы бар деген күдік бойынша жүргізіліп отырған істе жауап беруден бас тартса, сотқа шақырту жіберетінін айтты. Сондай-ақ келіссөздер кезінде қорғаушылар Роберт Мюллердің тобынан Дональд Трампқа тергеу барысында қойылуы мүмкін сұрақтарды алдын ала алу туралы келісімге қол жеткізген.

Дүйсенбі күні New York Times басылымы Мюллер мырзаның Дональд Трампқа қоятын қырық сұрағының тізімін жариялады. АҚШ Президенті осыған қатысты наразылық білдіріп, өзінің Твиттер парақшасында «Ешқашан орын алмаған қылмысқа қатысты әділ шешім шығару қиын сияқты көрінеді» деп жазды.

New York Times жариялаған Дональд Трампқа қойылуы мүмкін сауалдардың қатарында Президенттің сайлауалды кампаниясының басшысы Паул Манафорттың Мәскеумен байланысы және Ресейдің сайлауға араласу фактісінің рас-өтірігін анықтайтын зерттеуді бастаудан бас тартқан Бас Прокурор Джефф Сессионсқа сөгіс бергені үшін Федералды барлау қызметінің басшысы Джеймс Комидің қызметінен босауы сияқты мәселелер бар.

Атап өту керек, Роберт Мюллер аталған істі зерттеуге өткен жылдың мамыр айында Федералды барлау қызметінің басшысы Джеймс Коми орнынан кеткеннен кейін тағайындалды. Оның Дональд Трамппен кездесуді қай уақытқа белгілеп отырғаны әлі белгісіз. АҚШ Президенті өзінің Ресеймен байланысы барын және сайлау кезінде Мәскеуден қандай да бір көмек алғанын толықтай жоққа шығарады.