Оқыс жағдайдан жаға ұстаған тұрғындар шұғыл полиция шақырған.
ERNUR.KZ. Лондонның Клэпхэм ауданында өз ауласында күн шуағына арқасын қыздырып жатқан адамның дәл жанына аспаннан мүрде құлады, деп жазады ҚазАқпарат.
Оқыс жағдайдан жаға ұстаған тұрғындар шұғыл полиция шақырады. Анықталғандай, адам денесі Хитроу әуежайына қонардың алдында Kenya Airways әуе компаниясы ұшағының шассиінен құлаған.
Скотленд-Ярд өкілдерінің жорамалынша, мерт болған адам билетсіз ұшқан көрінеді. Жолаушы өзімен бірге ас-суын да алып алған екен. Олар кейінірек ер адам жасырынып отырған жерден - шасси бөлігінен табылды.
Айта кетейік, ұшақ Найробиден Лондонға дейін 9 сағаттай ұшқан. Жазым болған адамның тұлғасы әзірге анықталған жоқ.