Ауғанстан халқы тәліптерге қарсы шеруге шықты

0
798

Шеру кезінде жергілікті телеарнаның бір тілшісі жарақат алып, оның операторы соққыға жығылған.


Ауғанстан халқы тәліптерге қарсы шеруге шықты

ERNUR.KZ. Ауғанстанда жүздеген адам көшеге шығып, тәліптердің билігіне қарсы наразылық білдірді. Тәліптер шеруді күштеп таратты, деп жазады 24.kz.

Шеру кезінде жергілікті телеарнаның бір тілшісі жарақат алып, оның операторы соққыға жығылған.

“Талибанның он шақты жасақшысы мені бөлмеге кіргізіп, таяққа жықты. Қолдағы бар затпен ұрған. Талып қалдым, ес жиғанда қасымда өз әріптестерімді көрдім”, – деді журналист Таги Дарьяби.

Тәліптер билікке келгелі Ауғанстан әйелдері зәбір көре бастағанын айтып отыр. Мемлекеттік мекемелер мен сауда ұйымдарында жұмыс істейтін қыз-келіншектер қызметін жалғастыра алмай нәпақасынан айырылды. Осыған орай өткен аптада ауған әйелдері бірнеше қалада көшеге шықты. Қолдарына плакат ұстап, ұрандатқан белсенділер, әйелдерге жұмыс істеу құқығын беру мен қыз-келіншектерді жаңа үкімет құрамына қосуды талап етті.

Оларды тарату үшін тәліптер әуеге оқ атып, көз ашытатын газ шашты.