Ауғанстанда паранжа бағасы он есе қымбаттап кеткен

0
1 481

Сатушылар тәліптер әйелдерді мәжбүрлеп паранжа кигізеді деп ойлап, киім бағасын аспандатып жіберген.


Ауғанстанда паранжа бағасы он есе қымбаттап кеткен

ERNUR.KZ. Ауғанстанда паранжа бағасы он есе қымбаттап кеткен. Ауған әйелдері киім алу үшін сағаттап кезекте тұруға мәжбүр, деп жазады Stan.kz.

Ауған әйелдерінің сөздерінше, Талибандар билікке келгеннен кейін киімнің бұл түрінің бағасы он есе шарықтаған. Өйткені мемлекетте паранжаға сұраныс артқан. Сатушылар тәліптер әйелдерді мәжбүрлеп паранжа кигізеді деп ойлап, киім бағасын аспандатып жіберген.

Бір әйел паранжа алу үшін бірнеше сағат кезекте тұрғанын айтады.

“Қазір паранша тапшы. Ал біздің үйде үш әйел бар”, – дейді ол.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тәліптер Кабулды тез жаулап алады деп ешкім ойламаған.

Бұған дейін Талибан қозғалысының ресми өкілі Сохейл Шахин елдегі барлық әйелдер шариат ережелеріне сәйкес хиджаб киюі керек деп мәлімдеген. Алайда ол паранжа туралы ешнәрсе айтпапты.