Ауғанстанда тағы жер сілкінді

0
587

Зілзала күші 6,3 балдан асты.


Ауғанстанда тағы жер сілкінді

ERNUR.KZ. Сәрсенбі күні сағат 00:41-де Ауғанстанның солтүстік-батысында магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Германияның геоғылымдық зерттеу орталығы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік 34,67 және шығыс бойлық 62,14 градус координаталары бар нүктеде орналасқан.

5 баллдық тағы бір жер сілкінісі Ауғанстанның батысында, Герат провинциясынан солтүстік-батысқа қарай 28 шақырым жерде тіркелді.
Еске сала кетсек, 7 қазанда Ауғанстанда магнитудасы 6,2 жер сілкінісі болып, салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты.

Қазақстан Ауғанстанға 1,6 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек пен құтқарушыларын жөнелтті.