Ауғанстанмен шекарадағы атыста өзбек сарбазы оққы ұшты

0
478

Ауғанстандық есірткі тасымалдаушы Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған кезде атыс болған.


Ауғанстанмен шекарадағы атыста өзбек сарбазы оққы ұшты

ERNUR.KZ. Ауғанстанмен шекарадағы атыста өзбек сарбазы оққы ұшты. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Намангандағы сайлаушылармен кездесу кезінде осылай деп мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.

"Нигох" телеграм-арнасының жазуынша, 26 қыркүйекте "ауғанстандық есірткі тасымалдаушы Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған кезде" атыс болған.

"Кеше есірткі тасымалдаушы мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болды. Бірақ біздің территорияға қол сұқпау бойынша ұстанымымыз берік, қажет жағдайда шекараны қарумен қорғаймыз. Атыс кезінде отан намысын ерлікпен қорғаған солдат қаза тапты. Ол Наманганның ұланы еді" деді Мирзияев.

Бір ай бұрын Ауғанстан билігіне келген бірқатар елдерде тыйым салынған "Талибан" террористік ұйымы аумақты есірткіден тазалайтынын мәлімдеген.