Аула сыпырушы әйелді президент кортежі қағып кетті

0
922

Термез қаласы мемлекет басшысын күтіп алуға бес ай бойы дайындалған.


Аула сыпырушы әйелді президент кортежі қағып кетті

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Сұрқандария облысына сапары кезінде 57 жастағы аула сыпырушы әйелді Термез қаласының орталығында кортеж қағып кетті. Ол ауруханада жатыр, деп жазады centralasian.org.

Куәгерлердің айтуынша, жолдың бір шетінде жұмыс істеп жүрген әйелді кортеждегі автокөліктердің бірі қатты жылдамдықпен соққан.

Дәрігерлер аула сыпырушының жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалады. Науқас екі күннен бері комада жатыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жол апатына қатысты тексеру жүріп жатқанын хабарлады. Оқиға 1 маусымда таңғы сағат 7:40-та болған.

Жол апаты туралы хабарлаған дереккөз жергілікті биліктің бұл оқиғаны журналистерден жасырып отырғанын айтты.

"Әкімдіктегі шенеуніктер бұл оқиғаны президент сапары аяқталғанша ешкімге айтпауды тапсырды", деп жазады дереккөз.

Құқық қорғау органдарының қызметкері аула сыпырушы Рано Поенованы соққан автокөлік жергілікті әкімдіктердің біріне қарайтынын растады.

Президент Шавкат Мирзияевтің Сұрқандария облысына сапары 1-2 маусымда өтті.

Термез қаласы мемлекет басшысын күтіп алуға бес ай бойы дайындалған.