COVID-19-ға шалдыққан Владимир Жириновский жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.
ERNUR.KZ. Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп ЛДПР партиясындағы дереккөз ресейлік БАҚ-қа мәлімет берді, деп жазады Zakon.kz.
COVID-19-ға шалдыққан Владимир Жириновский жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.
Саясаткердің нақты жағдайына қатысты басқа мәлімет айтылмады, әрі ЛДПР-дің көптеген өкілі үшін партия жетекшісінің ауруханаға түсуі күтпеген жаңалық болған.
РИА Новости ақпарат көзі саясаткердің Мәскеудің Орталық клиникалық ауруханасына жатқызылғанын жеткізді. ЛДПР көшбасшысы сегіз рет вакцина алғаны да айтылады. РФ Ғылым академиясының академигі, вирусолог Виталий Зверевтің пайымынша, саясаткер иммунитетін құртып алған.