Аустралия билігі өрт салдарынан бірнеше мың түйені өлтірмек

0
1 614

Аустралияда өрт 2019 жылдың қазанынан бері тоқтамай тұр.


Аустралия билігі өрт салдарынан бірнеше мың түйені өлтірмек

ERNUR.KZ. Аустралия билігі ормандағы өртті сөндіруге қажет судың жетіспеуіне байланысты бірнеше мың түйені өлтіруге шешім қабылдады, деп жазады Тengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, аймақтағы аптап пен қуаңшылықтың салдарынан жануарларға су әдеттегіден көбірек керек, ал бұл жергілікті ортада бейберекетсіздікке алып келген. Түйелер қоршауларды сындырып, үйлерге жиі кіріп кетеді, су іздеп кондиционерлерді бұзады екен.

Операция 8 қаңтарда басталады және елдің солтүстігінде болады, онда көбіне байырғы халық тұрады. Билік 5 күн ішінде 10 мыңға жуық түйені өлтіруді жоспарлап отыр. Жануарлардың денесін өртейді немесе көміп тастайды.

Аустралияда өрт 2019 жылдың қазанынан бері тоқтамай тұр. Өрт алдымен Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Квинсленд штатында басталып, Виктория, Оңтүстік Аустралия мен Тасманияға өткен. Табиғи апат салдарынан 17 адам қаза тапқан, мыңдаған үй жойылған. Кей бағалар бойынша, миллионға жуық жануар қырылып қалған. Орман өртінің түтіні Чили мен Аргентинаға дейін жеткен. Кей мәліметтер бойынша, бүгінде өрт бес миллион гектар жерді шарпыған.