Австралия өрт құрсауында қалды

0
3 107

Өрт салдарынан 23 адам қаза тапқан.


Австралия өрт құрсауында қалды

ERNUR.KZ. Орман өрті бүтін бір материкті шарпыды. Екі ай бойы өртті сөндіру мүмкін болмай отыр, деп жазады baq.kz.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарлағандай, тұрғындарға үйлерінен шығуға, жол жүруге тыйым салынды. Бүгінде бұл жақтағы ауа сапасы қауіпті межеден 26 есе төмендеп кеткен.

Мамандардың айтуынша, автралиялық өрттің түтіні Жаңа Зеландияға жеткен.

Тұрғындар мен туристерді қауіпсіз аймаққа көшіру басталды. Екі штатта Төтенше жағдай жарияланды.

Өрт салдарынан зардап шеккен адам санын дөп басып айту мүмкін болмай отыр. Соңғы деректерге сүйенетін болсақ, 23 адам қаза тапқан. Оның ішінде 3-уі өрт сөндіруші, тағы 17 адам жоғалып кеткен.

Одан бөлек 500 млн-нан астам аң-құс қырылған деген дерек бар.