Аялдамада қызға тиіскен жігіт ажал құшты

0
1 118

Жігіт аялдамадағы қызға сөзбен тиіскен. Болған оқиғадан соң қыз достарын шақырды. Олар қызбен бірге жігітті соққыға жыққан.


Аялдамада қызға тиіскен жігіт ажал құшты

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Самарқанд қаласында алты адам қызға тиіскен жігітті соққыға жықты. Алған жарақат салдарынан жігіт көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

"20 қарашада түнгі 02:00-де ер адам өзінің танысымен бірге аялдамада тұрған. Ол жанындағы қызға сөзбен тиісе бастапты. Сол кезде жақын маңда өтіп бара жатқан екі ер адам қызды қорғаған", - деп жазылған хабарламады.
Бұдан соң қыз телефон шалып, таныстарын көмекке шақырған. Оқиға орнына төрт жігіт пен екі қыз келді.
"Сағат 03:40 кезінде олар қызға тиіскен ер адамның біреуін соққыға жыққан. Кейін екінші жігітті ұра бастады.Оқиғаға қатысты үш адам ұсталды", - деп хабарлады Өзбекстанның тергеу департаменті.
Зардап шеккендердің бірінің бассүйегі қатты жарақаттанған. Ол емдеу мекемесінде көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.