​Қазақстандық қыздар секс-құлдыққа сатылып келген

0
4 259

Түркияда ТМД елдерінің қыздарын «саудалаған» топ құрықталды. Саудаланғандардың арасында Қазақстан, Әжірбайжан, Украина, Белорусия, Молдова елдерінің қыздары бар.


​Қазақстандық қыздар секс-құлдыққа сатылып келген

Түркияда ТМД елдерінің қыздарын «саудалаған» топ құрықталды. Саудаланғандардың арасында Қазақстан, Әжірбайжан, Украина, Белорусия, Молдова елдерінің қыздары бар. Криминалды топтың 16 мүшесін тәртіп сақшылары Айдын, Ялова, Бурса қалаларында жүргізілген операция барысында ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық топ Түркия полицейлерінің назарына 3 ай бұрын іліккен. Олар «Пастортстол» лақап атымен белгілі адамның соңына түседі. Анықталғандай қылмыскерлер жас қыздарды жоғары жалақысы бар жұмысқа шақырып, құрықтарына түсірген. Төлқұжаттарын тартып алып, еркілерінен тыс тәнін сатуға мәжбүрлеген. Өзара сойлескенде қылмыскерлер «жалға берілетін көлік», «туған күн кешіне торт», «жекелеген тур», «көңілді кеш» деген тіркестерді пайдаланаған.

Тергеу жұмыстары біткен кезде адам саудасымен айналысқан топтың құрбандары үйлеріне босатылады.