Ауру жұқтырған азамат елге Иран арқылы келген.
ERNUR.KZ. Әзербайжанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Бұл туралы елдің вируспен күрес жөніндегі жедел штаб өкілдері мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
"Бұл Иран арқылы республикаға келген Ресей азаматы", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ) Ухан қаласында елдің орталық бөлігінде (Хубей провинциясы) белгісіз пневмонияның өршіп жатқанын хабардар еткен.
Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус болып шықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оқиғаны халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді (COVID-19).