Байден президенттік сайлаудан өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді

0
125

Ол мерзімінің соңына дейін президенттік міндетін атқарады.


Байден президенттік сайлаудан өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден 21 шілдеде президенттік сайлаудан өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Байден Х әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде мерзімінің соңына дейін президент болып қалатынын, бірақ қайта сайлануға ұмтылмайтынын айтты.

«Мен үшін сіздің президент ретінде қызмет ету өмірдегі ең үлкен мәртебе болды. Мен қайта сайлануды көздегеніммен, егер мен отставкаға кетіп, мерзім аяқталғанға дейін президент ретіндегі міндеттерімді орындауға көңіл бөлсем, менің партиям мен елімнің мүддесі үшін жақсы болады деп ойлаймын», – делінген хабарламада.

Байден соңғы үш жарым жылда АҚШ ұлт ретінде үлкен жетістіктерге жеткенін атап өтті.

«Бүгінде Америка әлемдегі ең мықты экономикаға ие. Біз өз елімізді қалпына келтіруге, егде жастағы адамдарға арналған дәрі-дәрмектердің құнын төмендетуге және американдықтардың рекордтық санына қолжетімді медициналық көмекті кеңейтуге тарихи инвестиция жасадық. Біз улы заттардан зардап шеккен миллион ардагерге қажетті көмек көрсеттік. 30 жылда алғашқы қару қауіпсіздігі туралы заң қабылданды», - деп атап өтті президент.