Бақшадағы балалармен аунап ойнаған АҚШ президенті келекеге қалды (видео)

0
1 580

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде АҚШ президенті Дональд Трапмтың балаша ойнаған видеосы пайда болды. Әлемдегі алып державаның басшысы бала бақшаға барып, ондағы бүлдіршіндермен алаңсыз асыр салған сәті бейнеленген кадрларда Трамп балаша секіріп, тіпті жерге аунап та алды.


Бақшадағы балалармен аунап ойнаған АҚШ президенті келекеге қалды  (видео)

фото интернеттен алынды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде АҚШ президенті Дональд Трамптың балаша ойнаған видеосы пайда болды. Әлемдегі алып державаның басшысы бала бақшаға барып, ондағы бүлдіршіндермен алаңсыз асыр салған сәті бейнеленген кадрларда Трамп балаша секіріп, тіпті жерге аунап та алды. Тіпті, көмекшілерінің бірі "Президент мырза, кездесуге кешігеміз" , деген ескертуіне қарамай "тағы да 5 минут" деп сәби секілді "қырсығып", балалық шағын қимай тұрғаны көрінеді.

Бұл ролик желі тұтынушыларының арасында түрлі пікір тудырды. Бірі, мұны "президенте лайықты қылық емес" десе, екінші жақ "Ол да адам. Ол да анадан туды. Бала болды" деген уәж айтады. Қайткенде де, ештеңеден қысылмайтын Трамп тағы бір "қылығымен" әлемнің көзіне түсті.