Баласына интернет қосып бермеген ата-ана жазалануы мүмкін

0
764

Құжатқа сәйкес, ата-аналар қашықтан оқитын баласына барлық жағдай жасауы тиіс, әйтпесе олар әкімшілік жазаға тартылады.


Баласына интернет қосып бермеген ата-ана жазалануы мүмкін

ERNUR.KZ. Өзбекстанда онлайн-мектепте оқитын баласына Интернет қосып бермеген ата-ана жазалануы мүмкін, деп жазады centralasian.org.

Сегіз мемлекеттік орган қабылдаған шешімде қашықтан оқу талаптарын орындаған ата-аналарға әкімшілік жаза қолданылатыны айтылған. Алайда құжатқа қол қойған министрліктер мен мекемелер бұл ақпаратты растамады, жоққа да шығармады.

Құжатқа сәйкес, ата-аналар қашықтан оқитын баласына барлық жағдай жасауы тиіс, әйтпесе олар әкімшілік жазаға тартылады.

Бұған қоса, құжатта махалла комитеттері үйлерді аралап, оқушы қалай оқып жүргенін мектеп әкімшілігіне хабарлауы тиіс. Олар ата-аналарға оқушыны қашықтан оқыту әдісі туралы кеңестер жазылған қағаз таратады. Онда қашықтан оқу кезінде балаға барлық жағдай жасау ата-аналардың міндеті екені айтылған. Атап айтқанда, оқушының онлайн-оқу кезінде қажет Интернеті, сонымен бірге компьютері немесе ұялы телефоны болуы керек.

Қашықтан оқу шарттарын орындамаған ата-анаға айыппұл салынуы мүмкін. Одан нәтиже шықпаса, 15 күнге қамалады.

Мемлекеттік органдар бірлесіп қабылдаған шешім әлі жарияланған жоқ.

Халық білімі министрлігінің хабарлауынша, республикада 10 мың мектептің шамамен 56 пайызы оқушыларын қашықтан оқытып жатыр.