Барлық оқу орны карантинге жабылды

0
2 305

Сондай-ақ сауда орталықтары мен базарлардағы шектеу шаралары күшейтілді.


Барлық оқу орны карантинге жабылды

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Пәкістан билігі барлық оқу орнын карантинге жапты, деп хабарлайды Хабар24.

Сондай-ақ сауда орталықтары мен базарлардағы шектеу шаралары күшейтілді. Бұдан басқа, жаппай шерулер мен жиындар өткізуге де тыйым салынған. Білім беру мекемелері алдағы жылдың 10 қаңтарына дейін ашылмайды.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Пәкістанда коронавирус инвекциясын жұқтырғандар саны 382 мың адамнан асты.


– Қазан айында бізге күніне коронавирус жұқтырған 14 науқасқа дейін түсті. Ал қазір олардың саны 70-ке жетті. Барлық адамды бетперде киюге және қолды үнемі тазалап жүруге шақырамын. Бұл – індетті тоқтатудың бірден бір қарапайым жолы, - дейді медицина қызметкері Ясин Акбар.