Бас прокуратураның басқарма бастығы 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алып жатқанда ұсталды

0
2 598

«16 сәуір 2018 жылы 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алып жатқанда Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау және соттардағы өкілдік Басқармасының бастығы ұсталды», - делінген хабарламада.


Бас прокуратураның басқарма бастығы 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алып жатқанда ұсталды

фото: svodka.akipress.org

Қырғызстан Бас прокуратурасының басқарма бастығы 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алып жатқанда ұсталды, - деп хабарлайды svodka.akipress.org елдің ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«16 сәуір 2018 жылы 200 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара алып жатқанда Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау және соттардағы өкілдік Басқармасының бастығы ұсталды», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі МҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік қызметі тұтқындау операциясы Бас прокуратураның құқыққорғау және бақылаушы органдардағы жемқорлықты анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары барысында қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілгенін атап өтті.

Істі әрі қарай тегеу шаралары жүргізіліп жатыр.

АКИpress мәліметі бойынша ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік айыптауды қолдау мен соттардағы өкілдік Басқармасын Чалбаев Уланбек Акматович басқарып келген.