​"Басымен төмен салбырап қалған": Қазанда аттракцион істен шықты (видео)

0
972

Адамдар жарты сағат бойы 40 метрлік биіктіктен түсе алмаған.


​

ERNUR.KZ. Қазан қаласындағы "Қырлай" ойын-сауық саябағының келушілері сынып қалған аттракционнан шыға алмай, басымен төмен қарай салбырап отырды, деп жазады sputnik.kz.

Куәгерлердің айтуынша, адамдар жарты сағат бойы 40 метрлік биіктіктен түсе алмады. Телеарнаның мәліметіне сәйкес, әткеншектің бір механизмі істемей қалған. Бұл аттракцион шілденің басында ашылған болатын.

Ал ойын-сауық саябағының әкімшілігі аттракционның сынбағанын мәлімдеді. Ол күні техникалық қызмет көрсету жұмыстары атқарылған. Содан жұмысшылар әткеншекті тексереміз деп, өздері мініп айналған.


"Адамдар жоғарыда тұрып қалған күннің өзінде басымен төмен қарай салбырап қалмайды. Әткеншектің орындықтары айналған кезде бас төменге салбырайды", - дейді қызметкерлер.