Соңғы бір тәулікте ғана 300-ден астам науқастан індет белгілері анықталған.
ERNUR.KZ. Бейруттағы жойқын жарылыста қаза тапқандардың саны 171-ге жетті. Аса ауыр жарақатпен ауруханаға түскендердің кейбірі сол күйі есін жимастан көз жұмған, деп жазады baq.kz.
Еске сала кетсек, ауруханаларға әртүрлі дене жарақатымен 6 мыңнан астам тұрғын жеткізілген еді. Олардың біразының беті әлі бері қарамаған. Ең сорақысы, жаралылардың арасында коронавирус тез тарап жатыр. Соңғы бір тәулікте ғана 300-ден астам науқастан індет белгілері анықталыпты. Оның жетеуі көз жұмды.
Жарылыс салдарынан ауруханалардың іші жаралыға толып, аурумен күресті едәуір қиындатып жіберген. Ал порттағы жойқын жарылыс 300 мыңдай адамды баспанасыз қалдырды.