Бейруттегі жарылыс болған жер туристік орынға айналды

0
739

Қазір шаһарда біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.


Бейруттегі жарылыс болған жер туристік орынға айналды

ERNUR.KZ. Бейрут кемежайындағы жарылыс орны туристер ағылатын тамаша орынға айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жойқын апаттан соң жергілікті тұрғындар қираған ғимараттар алдында суретке түсіп, естелік қалдыруда.

Айта кетейік, тамыздың төртінде болған жойқын жарылыстан кейін қазір Ливан астанасы соғыстан кейінгі қаланы еске салады: Жолдар бүлініп, қаншама нысан үйіндіге айналған. Қоқысқа лық толып, тас-талқаны шыққан көшелер саны да жетерлік. Қазір шаһарда біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.