Германия билігі бұл жол апатының санын азайтуға көмектеседі деп санайды.
ERNUR.KZ. Германия билігі көлік жүргізу кезінде никаб кию (тек көзді ғана ашық қалдыратын діни бас киім) жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді деп шешті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
BILD жазуынша, Германияда қолданылатын жалпы ережелерге сәйкес, жүргізушілер беттерін толық жауып, жасыра алмайды. Жергілікті сот никаб-қа тыйым салу «конституциялық тұрғыдан негізделген» және «жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған» деп растады.
Ал діни ұстанымға сәйкес емес деп санаушыларға сот автобустар мен пойыздарды пайдалану немесе мотоциклмен жүруді ұсынды.