Ежелгі Мысыр тарихы қайтадан бұқараны елең еткізді – 61-ші ғылыми экспедиция археологтары үлкен қала тапты.
ERNUR.KZ. Кейбір ғалымдар бұл олжаның басты құндылығы пирамидалар еліне туристердің қызығушылығын қайта ояту мүмкіндігі деп санайды. Ал археологтар болса жоғалып кеткен "Алтын қаланың" ашылуы соңғы онжылдықтардағы ең үлкен айтулы оқиға екеніне сенімді, деп жазады sputniknews.kz.
Үлкен қала бұған дейін алпысқа жуық халықаралық экспедиция болып қайқан аумақтан табылды. Археологтар Тутанхамон жерленген храмды іздеген. Бұл перғауынның әйгілі саркофагы көп жыл бойы Ежелгі Мысырдың символына айналған болатын. Алайда мамандар әлдеқайда құнды олжаға тап болды.
Жас шамасы үш мың жыл деп болжанған қалада қазірдің өзінде көптеген құрылыс табылды. Олардың қабырғаларының биіктігі үш метрге жетеді. Сондай-ақ көне керамиканың сансыз көп үлгісі, адам мәйітінің қалдықтары және жануарлар сүйегі табылды.
Түрлі елдегі мысыртанушы мамандар "Алтын қаланы" зерттеу ежелгімысырлық өркениеттің көп құпиясының бетін ашатынына сенімді.