Бірін-бірі таптаған: Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 150-ге жуық адам көз жұмды

0
855

Тағы 150-ден астамы жарақат алды.


Бірін-бірі таптаған: Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде 150-ге жуық адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Хэллоуин мерекесіне арналған кеште 146 адам қаза болып, тағы 150-ден астамы жарақат алды, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы жағдай Сеулдің Итхэвон ауданында болды.

Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасай отырып, 50-ге жуық адамның жүрегі тоқтап қалғанын хабарлады. Ауданда бір уақытта шамамен 100 000 адам болған. Хэллоуиннен басқа, олар COVID-19 пандемиясынан кейінгі алғашқы ашық аспан астындағы іс-шараны атап өткен.

Ел президенті Юн Сок Ёль бірнеше мәрте шұғыл жиналыс өткізді. Ол зардап шеккендерге дереу алғашқы көмек көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ Итхэвонға жедел медициналық көмек мамандарын аттандыруды, шұғыл көмек көрсетілетін төсек-орындар дайындауды жүктеді.

Алдын ала болжам бойынша, Хэллоуин мерекесінде адамдардың үлкен тобы Hamilton отелі маңындағы тар көшеге кіріп, бірін-бірі таптаған.

Оқиға орнындағы бейнеде көшелердегі мәйіт қаптары, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізетіндер, жедел жәрдем қызметкерлері және басқалардың астында қалған адамдарды шығаруға тырысқан құтқарушыларды көрсетілген.

Айта кетейік, алғашында оқиға салдарынан 50 адамның зардап шеккені туралы ғана хабарланды. Кейін 2 адам қаза болып, 23-і жарақат алғаны айтылды. Одан әрі 59 адам көз жұмғаны және 150-ден астамы жарақаттанғаны жазылды.