Халық құрылтайы – бұл қоғамның даму бағыттары бойынша ұсыныстар айтылатын жиналыс.
ERNUR.KZ. Бішкекте 15-16 желтоқсанда Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз мемлекеттік филармониясында ұйымдастырылған екінші Халық құрылтайы аяқталды, деп жазады inbusiness.kz
Алқалы жиынға президент Садыр Жапаров, Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шакиев, Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров, Үкімет мүшелері, мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлер қатысты.
700-ге жуық делегат, шетелде жүрген мигранттар мен діни конфессиялардың өкілдері шекара маңындағы мәселелер, білім беру саласы, таза ауыз сумен және суармалы сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы, сот жүйесіндегі проблемалар, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылады.
Халық құрылтайы – бұл қоғамның даму бағыттары бойынша ұсыныстар айтылатын жиналыс. Ол туралы заңды Жогорку Кенеш 2023 жылы 29 маусымда қабылдады.