Биткоинның құны күрт құлдырап кетті

0
299

Белгілі сарапшы Луктың айтуынша, басты триггер 40 миллиард долларды құрайтын ашық позициялардың рекордтық саны болды.


Биткоинның құны күрт құлдырап кетті

ERNUR.KZ. Биткоин 25 қазандағы жағдай бойынша Bitstamp биржасында локал минимум $65 521-ге жетіп, бірқатар факторлардың әсерінен құнының шамамен 5%-ын жоғалтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Төмендеуге бірнеше жағдайлар себеп болды: Wall Street Journal Tether-ті пайдаланудағы ықтимал бұзушылықтар туралы зерттеу жариялады және Израиль мен Иран арасындағы геосаяси шиеленістің күшеюі нарықтағы келеңсіздіктерді арттырған. Tether командасы айыптауларды жоққа шығарғанымен нарықта бәрібір құлдырау болды.

Дегенмен тәжірибелі сарапшылар құлдыраудың себебі тереңде жатқанын атап өтті. Белгілі сарапшы Луктың айтуынша, басты триггер 40 миллиард долларды құрайтын ашық позициялардың рекордтық саны болды.

«Бағаның төмендеуі жаңалықтарға байланысты емес, өсудің келесі кезеңіне дейін маркет-мейкерлер қолға алған ашық позицияларды жаппай жоюға байланысты», деді ол.

Glassnode талдау компаниясының деректері 25 қазандағы ашық қызығушылықтың төмендеуі тамыздан бергі ең үлкен көрсеткіш болғанын растайды. Capriole Investments инвестициялық қорының негізін қалаушы Чарльз Эдвардс биткоин тәуекелді актив ретінде өзін ұстауын жалғастырып, геосаяси оқиғаларға сенімді жауап беретінін атап өтті.