«Дене әлемі» деп аталған экспозицияда бір жүз пластинат қойылған.
ERNUR.KZ. Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде ерекше шара өтіп жатыр. Мұнда көп шу тудырған Body Worlds адам денелерінің көрмесі ашылды, деп жазады baq.kz.
Онда жүзден аса экспонат қойылған. Бұл айрықша бір тәсілмен өңделген адам денелері мен органдары. Ашылғаннан бері көрме түрлі қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың сынына ілікті. Тексергеннен кейін оны жапқан жоқ, бірақ тек кәмелетке жеткендерді кіргізуге нұсқау берілді.
«Дене әлемі» деп аталған экспозицияда бір жүз пластинат қойылған. Бұл анатомия профессоры Гюнтер фон Хагенстің әдісі бойынша өңделген адам денелері мен органдары. Ол қайтыс болған адам денесіндегі барлық сұйықтықтарды қатайғыш пластикпен ауыстыруға негізделген.
Кезінде өз тағдыры мен мамандығы болған бұл кісілер донорлық бағдарлама аясында өз денелерін ғылымға қалдырған. Ресей ұзақ уақыт бұл көрмені қабылдаудан бас тартқан, сондықтан біз оның тек аз бөлігін көрсетіп отырмыз. Үрей тудыратын экспонаттар жоқ, керісінше адам денесінің сұлулығын көрсетеді, – дейді көрме кураторы Мария Черепанова.Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспозицияның басты мақсаты – келушілерге адам денесі құрылымын зерттеуге және ағзаның анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері жөнінде ғылыми мағлұмат алуға мүмкіндік беру. Мұнда 4 апталық ұрық пен жаңа туылған нәрестелер, спортшылардың денелері және ауруға шалдыққан органдар бар. Көрме ашылғалы бері оған 200 мыңдай адам барып үлгерді.
Керемет әсер қалдырды. Денемізді ішінен білумен қатар, неден тұратынымызды да түсінеміз. Ешқандай жиіркеніш тудырған жоқ. Осы көрмеден шығып, өмірден рахат алғың келеді. Сондықтан осы көрмені жасағандарға мың алғыс, – дейді көрмеге келуші Татьяна Чебыкина.Алайда көрменің өтуіне қарсы «Ресей коммунистері» партиясы, Ресей православ шіркеуі мен Адам құқықтары жөніндегі Кеңес қарсы шықты. Экспозиция адам абыройын қорлап, қайтыс болғандардың денелерін аяққа таптап, кәмелетке жетпеген жасөспірімдердің жүйкесіне зиян келтіреді деген. Ақырында ұйымдастырушылар 18 жасқа толмағандарды көрмеге жібермейтін болды. Алайда бұл шектеуді 12 жасқа дейін төмендетуді көздеп отыр. Қыркүйек айынан бастап оқушыларға ұжымдық экскурсиялар ұйымдастыруға үмітті. Осыған байланысты қайта сынғы ілікті.
Көрмедегі экспонаттарды лайықсыз санаған адам оған бармауына болады. Бұл жағынан этикалық тұрғысы жеке реттеледі. Алайда 12-13 жасар жеткіншектің психикасына ауыр тиюі мүмкін деп санаймын. Ол көргенін дұрыс түсінбеуі мүмкін. Мысалға, өлім туралы ойланып, өмірдің мәнісі жоқ деген пікірге келуі ықтимал. Жасөспірімдер арасында суицидтер мен осы жастағы көңіл-күйдің орнықсыздығын ескерсек, бұл оларға асыра әсер етуі мүмкін деп ойлаймын, – дейді психиатр Евгений Фомин.Дегенмен сараптама өткізген Роскомндазор экспозиция ғылыми мәлімет қамтиды деген қорытындыға келді. Мәскеуде көрме келесі жылға дейін жалғасады.