​Бойжеткен полицейлердің "тосынсыйын" көріп абдырап қалды

0
1 396

Полиция қызметкері оның тауып алған затын есіне салып, конверттегі үш долларды берді.


​Бойжеткен полицейлердің

ERNUR.KZ. АҚШ-та 26 жастағы Пэйдж Вуди он төрт жыл бұрын үш доллар тауып алып, полиция бөлімшесіне әкеліп тапсырған, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға 2004 жылы болған, ол кезде Вуди бар-жоғы 12 жаста еді. Қыз көшеден үш доллар тауып алып, полиция бөлімшесіне алып барған. Содан бері ақша айғақ зат ретінде сақталған. Осы уақыт ішінде ақшаны ешкім іздеп келмегендіктен, полиция оны тауып алған адамға беруді ұйғарады.

Полицияның күтпеген жерден келуі Вудидің зәресін ұшырды.

"Олар "2004 жылы не істегеніңіз есіңізде ме?" деп сұрады. Ол кезде не болып еді деп абдырап қалдым. Алайда 2004 жылы жаман нәрсе жасайтындай жаста емес едім", — деді Пэйдж Вуди.

Полиция қызметкері оның тауып алған затын есіне салып, конверттегі үш долларды берді.

"Бұл Рождествоның ғажайыбы", — дейді қыз.