Бразилия президенті Леонардо Ди Каприоға Амазония ормандарын өртеді деп айып тақты

0
1 260

Голливуд жұлдызы Бразилия президентінің айыбын жоққа шығарды.


Бразилия президенті Леонардо Ди Каприоға Амазония ормандарын өртеді деп айып тақты

ERNUR.KZ. Бразилия президенті Жаир Болсонару Амазония ормандарын өртеуге тапсырыс беріп, арнайы ақша бөлген Леонардо Ди Каприо екендігін айтты, деп жазады Stan.kz.

Аталған ақпаратқа қатысты президент тарапынан еш айғақ болған жоқ. Бұған дейін де Болсонару оны сынаған коммерциялық емес ұйымдарды кінәлаған болатын.

Амазония ормандарын сақтау мақсатында 5 млн доллар қаржы бөлемін деп уәде еткен Ди Каприо, бұл айыпты жоққа шығарды.

Президенттің актерге қатысты мәлімдемесі орман өртін қасақана ұйымдастырған деген айыппен төрт өрт сөндіруші ұсталғаннан соң хабарланған. Өрт сөндірушілер Пара штатынан болған. Әрі коммерциялық емес ұйымның грантын жеңу үшін қылмыстық әрекетке барған.

Құқық қорғаушылар, коммерциялық емес ұйымдар мен Болсонарудың қарсыластарының айтуынша, бұндай жаланың астарында саяси себеп жатыр. Оған қоса, қоршаған ортаны қорғаушыларды негізсіз айыптау болып табылады.

Өткен бейсенбі Жаир Болсонару Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры өрт сөндірушілерге фото үшін арнай ақша төледі деп орынсыз айып таққан еді. Қор бұл мәлімдемені жоққа шығарды.

"Ұйымдардың не бітіргені бар? Ең оңай дүние не? Әлбетті орманды әдейі өртеп жіберу. Кейін фотоға түсіріп, видеосын тарату. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының кампаниясы Бразилиға қарсы. Оның үстіне 500 мың доллар беремін деп уәде еткен Ди Каприомен сыбайлас. Леонардо, сен ормандардың өртенуі үшін ақша жұмсап жатсың, мұның болмайды", - деді Болсонару.

Голливуд жұлдызы Бразилия президентінің айыбын жоққа шығарғанымен, қасақана орман өртін ұйымдастырып жүргендерді жазаға тарту шараларын қолдайтынын айтты.