Ұшақ орман алқабына құлап, жарылды. Кейін өрт шыққан
ERNUR.KZ. Бразилияда екі моторлы ұшақ құлап, кейін жарылды. Салдарынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті Globo порталына сілтеме жасап.
Оқиға сейсенбі таңертең Сан Паулу штатындағы Пирасикаба қаласында болды.
"Ұшақ орман алқабына құлап, жарылды. Артынша өрт шықты", - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру қызметінің ақпаратынша, ұшақта екі ұшқыш пен бес жолаушы – бір отбасының мүшелері болған. Бәрі апат орнында қаза тапты.
Жарылыс пен өрттен олардың денесі қатты күйген, жеке басы әзірге анықталған жоқ.