Ол вирусты 11 британдыққа жұқтырды деген болжам бар: төртеуі - Ұлыбританияда, бесеуі - Францияда және біреуі - Майоркте.
ERNUR.KZ. Ұлыбританияда үш елге барып, 11 адамға коронавирус жұқтырған адам анықталды. Ол - британдық бизнесмен Стив Волш, деп жазады ҚазАқпарат.
53 жастағы ер адамға 6 ақпанда коронавирус диагнозы қойылды. Ол Сингапурда болған конференцияға қатысқан. Осыдан кейін Волш Францияда Альпіге тау шаңғысы демалысына кеткен, содан кейін Ұлыбританияға оралған.
Ол вирусты 11 британдыққа жұқтырды деген болжам бар: төртеуі - Ұлыбританияда, бесеуі - Францияда және біреуі - Майоркте.
Ер адам Ұлыбританияның денсаулық сақтау органдарына коронавирус жұқтыру ықтималдығы туралы ескерткен. Кейіннен оның нәтижесі расталды.
Волш қазіргі уақытта Сент Томас британдық ауруханасында карантинде жатыр. Оның отбасын да оқшаулау сұралды.