Бұдан былай Ресейге барған мигранттар некелесе алмайды

0
308


Бұдан былай Ресейге барған мигранттар некелесе алмайды

ERNUR.KZ. Енді Ресейде еңбек мигранттары некесін тіркей алмайды, деп жазады BAQ.KZ.

Мемлекеттік Дума шетелдік жұмысшыларға қатысты 20-ға жуық заңды қарауға алды.

Білім министрлігі мектеп пен балабақшаға орыс тілін нашар білетін мигрант балаларының санын шектеуді ұсынды.

Сондай-ақ жыл соңына дейін мигранттарға өз отбасыларын Ресейге әкелуге тыйым салатын заң қабылдануы мүмкін.

Мәскеу облысында келер жылдан бастап мигранттарға сауда, қоғамдық тамақтану, білім беру және медицина салаларында жұмыс істеуге тыйым салынады. Елде заңсыз жүрген шетелдіктердің тізіміне бір рет енген жұмысшылар көлік жүргізе алмайды, банктік қызметтерді пайдану құқығынан айырылып, некесін тіркей алмайды.

Заңсыз миграция аса ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Ол үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.