Бүгін – Түркияда ұлттық аза тұту күні

0
371

Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында Түркияның Палестина мәселесін қолдайтынын көрсету үшін қасиетті жұма күні ұлттық аза тұту үшін таңдалғанын атап өтті.


Бүгін – Түркияда ұлттық аза тұту күні

ERNUR.KZ. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін ХАМАС саяси бюросының төрағасы Исмаил Ханиянің шейіт болуына байланысты бір күндік ұлттық аза тұту жариялады, деп жазады inform.kz.

Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында Түркияның Палестина мәселесін қолдайтынын көрсету үшін қасиетті жұма күні ұлттық аза тұту үшін таңдалғанын атап өтті.

– Палестина ісін қолдайтынымызды және палестиналық бауырластарымызбен ынтымақтастығымызды көрсету үшін 2 тамыз, жұма күні ХАМАС саяси бюросының төрағасы Исмаил Ханиянің шәһид болуына байланысты бір күндік ұлттық аза тұту жарияланды. Исмаил Ханияны және барлық палестиналық шәһидтерді мейіріммен еске аламын. Жеке өз атымнан және еліміздің атынан Палестина халқына көңіл айтамын, – деді Түркия басшысы әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Түркия халқының Иранда өлтірілген ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияға жанашырлықпен көптеген жазбалар жариялауына байланысты Түркияның бүкіл аумағында Instagram-ға кіруге тыйым салынғаны айтылған болатын.