Италия үкіметінің бұрынғы басшысы Сильвио Берлускони британиялық тележүргізушіге қалай тұрмысқа шығуға болатынын айтып берді, деп жазды Sputnik "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.
фото интернеттен алынды
Италия үкіметінің бұрынғы басшысы Сильвио Берлускони британиялық тележүргізушіге қалай тұрмысқа шығуға болатынын айтып берді, деп жазды Sputnik "РИА Новости"-ге сілтеме жасап.
"Қолды қатты қыспа! Әйтпесе "мына қыз мені ұрып жығады" деп ойлап қалып, ешкім сені әйел етіп алмайды", — деді ол журналиске.
"Тұрмысқа шыққансың ба? Жоқ? Көрдің бе, енді білетін болдың. Демек, бұл сенің өміріңдегі ең маңызды кездесу болды", — деп түйіндеді Берлускони.
Сильвио Берлускони күлкілі әңгіме айтудан алдына жан салмайды. Мысалы, 2008 жылы ол Барак Обаманы "жас, әдемі және күнге жақсы күйген президент" деп атаған.