Чехия президенті Ресей мен Украина арасындағы жанжал туралы тосын мәлімдеме жасады

0
634

Павел екі тарапты өз мақсатына әскери жолмен жету мүмкін еместігіне сендірмейінше елдер арасындағы текетірес жалғаса беретінін айтты.


Чехия президенті Ресей мен Украина арасындағы жанжал туралы тосын мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. АҚШ және Қытай державалары Ресей мен Украинаны бейбіт келіссөзді бастауға итермелеуі керек, деді Чехия президенті Петр Павел Novinky-ге берген сұхбатында, деп жазады sputnik.kz.

"Атап айтқанда, әлемдік державалар, АҚШ қана емес, Қытай да осыған (бейбіт келісімді бастауға – ред.) елеулі үлес қосуға тиіс. Екі елді саяси, экономикалық, дипломатиялық тұрғыдан келіссөз жүргізуге итермелеуі керек", - деді ол.

Павел екі тарапты өз мақсатына әскери жолмен жету мүмкін еместігіне сендірмейінше елдер арасындағы текетірес жалғаса беретінін айтты. Бұл биыл немесе келесі жылы немесе бірнеше жылдан кейін болуы мүмкін. Оның үстіне, жанжал бірнеше жылға созылуы мүмкін, деп қауіптенеді президент.

Курск облысындағы оқиғалардан кейін Ресей президенті Владимир Путин "бейбіт тұрғындарға, азаматтық инфрақұрылымға соққы жасаған немесе атом энергетикасы нысандарына қауіп төндіруге тырысып жатқандармен" келіссөз жүргізу мүмкін емес деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ Киев Курск аймағындағы әрекетімен келіссөздегі жағдайын жақсартуға тырысып жатқанын атап өтті.