Чехияда Украинадан келген босқындарға байланысты төтенше жағдай енгізілді

0
710

Чехияның Ішкі істер министрі Вит Ракусан да Украинадан елге күн сайын 5 мыңға жуық босқын келетінін қосты.


Чехияда Украинадан келген босқындарға байланысты төтенше жағдай енгізілді

ERNUR.KZ. Чехия үкіметі Украинадан босқындардың көптеп келуіне байланысты төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдады, деп жазады Tengrinews.kz.

Чехия премьер-министрі Петр Фиала төтенше жағдай 4 наурыз, жұма күні басталып, 30 күнге созылатынын мәлімдеді. Қажет болған жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін.

"Украинадан 30 мыңға жуық босқын келді. Олардың біздің елде тұруын тиімді ұйымдастыру үшін үкімет 4 наурыздан бастап төтенше жағдай жариялады", - деп түсіндірді премьер-министр.
Чехия үкіметінің басшысы босқындарға да, елге де қауіп төніп тұрмағанын айтып, азаматтардан үрейленбеуді сұрады. Ол Чехия Еуропалық Одақ пен НАТО-ның бөлігі екенін, бұл аймақтағы қауіпсіздік күшейтілгенін айтты.

Чехияның Ішкі істер министрі Вит Ракусан да Украинадан елге күн сайын 5 мыңға жуық босқын келетінін қосты.