Коронавирустың жаңа штамы анықталғандықтан Ұлыбритания билігі елде карантинді қатаңдатты.
ERNUR.KZ. Ұлыбританияда да биылғы Рождествода өзгеріс бар. Корольдік отбасы дәстүрді бұзуға мәжбүр. Сөйтіп Ханшайым Елизавета екінші 33 жылда алғаш рет мерекені Сандрингемде емес, Виндзор сарайында атап өтті, деп хабарлайды Хабар24.
Оған карантиндік шектеулер себеп. Ханшайым эпидемия басталғалы күйеуімен бірге осы сарайда тұрып жатыр. Және мүмкіндігінше жаппай іс-шараларға қатыспауға тырысып келеді. Биыл Елизавета екінші шіркеу қызметіне де қатыспауды ұйғарған. Ал бірнеше сағаттан кейін оның рождестволық телеүндеуі басталуы тиіс. Бұл жолы тілге тиек етілетін басты тақырып пандемия болғалы тұр.
Жалпы Ұлыбритания билігі Рождествоға таман шектеу шараларын жеңілдетуді көздеген. Алайда мұнда коронавирустың жаңа штамы анықталып, керісінше карантинді қатаңдатуға тура келді. Сөйтіп тұрғындарға қонаққа баруға және көшеде екі адамнан артық жиналуға тыйым салынды.