COVID-19-ке қарсы вакцинаны 5 жағдайда салдыруға болмайды – маман кеңесі

0
2 494

​АҚШ-тың Джордж Мэйсон университетінің жүйелі биология мектебі арнайы зерттеу жүргізген. Мамандар қорытындысын бөлісті.


COVID-19-ке қарсы вакцинаны 5 жағдайда салдыруға болмайды – маман кеңесі

ERNUR.KZ. Өткір респираторлық вирустық инфекция, коронавирус оң тесті, постковидтік жағдай, IgM антиденелері бар болғанда және ауыр сырқат кезінде вакцина салдыртуға болмайды. АҚШ-тың Джордж Мэйсон университеті жүйелі биология мектебінің мамандары осы бес жағдайда вакцина алуға болмайды деп отыр, деп жазады sputnik.kz.

"Мәселен, біз антиденеге қан тапсырып, М иммуноглобулиндері табылса, ағза вирусқа иммундық жауап беруді жалғастырып жатыр деген сөз. Демек, ПЦР-тест теріс нәтиже көрсетсе де, ағза вируспен байланыста. Вирус жасырын болуы мүмкін. Бұл жағдай персистенция деп аталады", - деді биологтар.

Ал постковидтік жағдай деген ағзада IgG, без IgM антиденелерінің болуы. Олар болса, вакцинациядан өтудің қажеттілігі жоқ.

"Иммуносупрессия немесе склероз сырқаты барлар екпе салдырмас бұрын дәрігерге қаралуы тиіс. Бірақ дәрігерлер де мұндай жауапкершілік алғысы келмейді. Сондықтан ауыр сырқатқа шалдыққандарға вакцина салдырмаған жөн", - дейді мамандар.

Еске сала кетсек, 1 ақпанда қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.