"Дауыстарды сатып алдым". Алсу "Голос. Дети" шоуындағы дауға қатысты алғаш рет пікір білдірді

0
960

Әнші "Голос. Дети" шоуындағы дауыс беру жүйесіне қатысты Ксения Собчакқа сұхбат берді.


ERNUR.KZ. Ресейлік әнші Алсу "Голос. Дети" шоуындағы дауға қатысты алғаш рет пікір білдірді. Ол қызы өнер көрсеткен шоуда дауыс сатып алғанын мойындады, деп жазады Tengrinews.kz.

Әнші Ксения Собчакқа берген сұхбатында "Голос. Дети" шоуындағы дауыс беру жүйесіне қатысты пікір білдірді.

"Мен ерінбей алдындағы маусымдардағы статистиканы қарап шықтым. Сол кезде қатысушылардың ұпай айырмашылығын қарадым. Неге екенін білмеймін, бірақ Алсудың қызы жеңді дегенге барлығы күдікпен қарады", - дейді Алсу.

Ол дауыстарды сатып алғанын мойындады.

"Иә, дауыстарды сатып алғанымды мойындаймын. Мен Бірінші арна рұқсат берген дауысты сатып алдым. Барлығы да дауысты сатып алды. Ақша бермей, дауыс беру мүмкін емес. Бұл туралы Нагиев те үнемі айтатын. Мен өзім 40 SMS сатып алдым, екі телефоным бар", - деді ол сұхбатында.


Еске салайық, 26 сәуірде оралдық 11 жастағы Ержан Максимнің "Голос. Дети" байқауында 2-орын иеленгені хабарланған болатын. Ол 27,9 пайыз дауыс жинаған еді. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда байқау нәтижесі Желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.