ДДСҰ Түрікменстанның елде коронавирус жоқ деген мәлімдемесіне күмән келтірді

0
594

ДДСҰ өкілі алғаш рет Түрікменстанның елде COVID-19-дың бірде-бір оқиғасы тіркелмеді деген мәлімдемесіне күмән келтірді.


ДДСҰ Түрікменстанның елде коронавирус жоқ деген мәлімдемесіне күмән келтірді

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының аға қызметкері Түрікменстанның елде COVID-19 ауруы жоқ деген мәлімдемесіне күмән келтірді, - деп жазады Tengrinews.kz.

ДДСҰ өкілі алғаш рет Түрікменстанның елде COVID-19-дың бірде-бір оқиғасы тіркелмеді деген мәлімдемесіне күмән келтірді.

"Әлемде бұл ауру екі жылға жуық уақыт бойы таралды. Ғылыми тұрғыдан алғанда, вирустың Түркіменстанда тарамауы екіталай", - деді ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі аға қызметкері Кэтрин Смоллвуд.

Сарапшылардың пікірінше, Түрікменстанның коронавирус бойынша ресми статистикасы сенімсіз.

"Бір себеп - үкіметтің репрессивті, автократиялық сипатта болуы. Түркіменстан билігінің "деректерді жасыру, шындықты айтқандарды жазалайтыны бар", - деді Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөлімі директорының орынбасары Рейчел Денбер.

Доктор Смоллвуд Түрікменстандағы делегация қорғаныс маскаларын қолдану сияқты бәрі қолданатын нақты әрекеттерді ұсынғанын айтты. Оның айтуынша, ДДСҰ әр елде "түрлі жағдай, түрлі саяси шындық, жауап берудің түрлі техникалық мүмкіндігі" бар екенін ескеру керек.

"ДДСҰ ұйымға мүше мемлекеттермен ерікті ынтымақтастыққа, қарым-қатынасқа арқа сүйейді. Мүше мемлекеттермен жалғыстыратын ашық диалогымыз бар, қандай жағдай болмасын, оны жалғастыра береміз", - деді ол.

Түрікменстан - Солтүстік Кореяны қосқанда, коронавирус жоқ дейтін елдің бірі. Доктор Смолвудтың пікірі - ДДСҰ-ның Түркіменстанның мәлімдемесіне жасаған бірінші қоғамдық сыны, өйткені елде бейресми түрде COVID-19 жағдайларының көбеюі туралы хабарланды.

Бұған дейін Түркіменстанның медициналық мекемелері COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауыратын науқастардың көп келгеніне үлгере алмайтыны хабарланған еді.