Ол кезде өлім саны қазіргіден көп болады.
ERNUR.KZ. Еуропа елдеріне коронавирустың екінші толқынына дайындалған жөн. COVID-19 күзде немесе қыста қайта тарайды. Бұл туралы ДДҰ Еуропалық өңірлік бюроның директоры Ханс Клюге айтты, деп жазады tengrinews.kz.
Клюгенің айтуынша, коронавирустың екінші толқыны бұдан да қауіпті және ол кезде өлім саны қазіргіден көп болады.
Сондай-ақ, ол Еуропа елдерінен шыққан эпидемияның Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанға дейін жеткенін ескертіп өтті.