ДДҰ сарапшылары Ухандағы базарға қатысты "маңызды айғақты" тапты

0
2 382

Ухандағы теңіз өнімдері сатылған Хуанан базары 2020 жылдың 1 ақпанында жабылған. Алғашқы науқастар сол жерде жұмыс істеген.


ДДҰ сарапшылары Ухандағы базарға қатысты

ERNUR.KZ. ДДҰ-ның халықаралық сарапшылар командасы Ухан қаласындағы теңіз өнімдері сатылатын базарға қатысты "маңызды айғақ" тапты. Бұл туралы Bloomberg агенттігінің материалында жазылған, деп жазады Tengrinews.kz.

Нью-Йорктің зоолог ғалымдары Ухан вирусология институтында, Байчачжоу базары мен теңіз өнімдері сатылатын Хуанан базарында болғанын айтқан. Олардың сөзінше, Ухандағы базарда пандемия кезінде ешкім болмаған.

"Адамдар асығып кеткен, олар барлық құралды сөндіріп, не болғанын дәлелдейтін ыдыстарды да қалдырып кеткен. Біздің көргеніміз осы", - деді америкалық сарапшы Питер Дасзак.

Зерттеушінің сөзінше, бұған дейін қытайлық ғалымдар коронавирустың алғашқы сынамалары алынған жерлерді анықтай алған. Алғашқы науқастар ауруды ешқандай белгісіз өткергені анықталған.

Маман тергеудің мән-жайын айтпады. Оның сөзінше, негізгі мәлімдемелер ол кеткенге дейін жарияланады, бұл 10 ақпанға жоспарланған. Сарапшы ДДҰ коронавирустың қалай пайда болып, тарау себептерін анықтауға жақын қалғанын атап өтті.

Ухандағы теңіз өнімдері сатылған Хуанан базары 2020 жылдың 1 ақпанында жабылған. Алғашқы науқастар сол жерде жұмыс істеген. Алайда ғалымдар әлі де бір шешімге келмей отыр.

Бүгінде ДДҰ-ның сарапшылар тобы Қытайда жүр, олар COVID-19-дың таралу себебін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.