Қызуы көтеріліп, алғашқы сараптама оң нәтиже көрсеткен.
ERNUR.KZ. Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп жазады nege.kz.
«Коронавирус жұқтырғанымды хабарлағым келеді. Кешеден бері қызуым көтерілді, алғашқы сараптама оң нәтиже көрсетті», – деп мәлімдеді Харирчи сейсенбі күні.
Ол емделуді бастағанын және қызуының түсіп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, Иран Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур коронавирустың жаңа түрінен көз жұмғандар саны 15-ке жетіп, тағы 35 індет жұқтырған адам тіркелгенін хабарлады.