Diamond Princess круиздік лайнеріндегі үш ресейліктен коронавирус анықталды

0
744

Diamond Princess лайнері Иокогамадан 20 қаңтар күні шығып, 3 ақпан күні қайта келді. Жолаушылардың арасындағы Қытай азаматынан коронавриус анықталды.


Diamond Princess круиздік лайнеріндегі үш ресейліктен коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Diamond Princess круиздік лайнеріндегі 3 ресейліктің коронавирус жұқтырғаны мәлім болды. Бұл туралы Роспотренадзор ұйымының басшысы Анна Попова мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біз Ресей азаматтарын Жапониядан жеткіздік. Қазіргі таңда 8 адам медициналық стационарда, мамандардың бақылауында. Олардың арасында Жапонияда «жаңа коронавирустық инфекция» диагнозы қойылған үш азамат та бар. Науқас жұқтырғандардың отбасы мүшелері де Казань қаласына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. Үш адамда вирус бар екені бірнеше әдіс бойынша тексеріліп, анықталды»,- деді Анна Попова.

Оның сөзінше, вирус жұқтырған азаматтарды қоса алғанда адамдардың барлығының жағдайы қиын емес.

«Барлығының дене қызуы қалыпты, ешқайсысынан тіпті «жаңа коронавирусты инфекция» жұқтырғандардың өздерінде клиникалық ауытқулар болған жоқ»,-деп қосты ол.

Ресейде коронавирустың таралуы туралы ескерту жөніндегі жедел штабтың тапсырмасы бойынша 23 ақпан күні Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің Ан-148 ұшағы Жапонияның Иокогама айлағында тұрған лайнердегі ресейлік 8 адамды Токиодан Казань қаласына жеткізді. Казань қаласына жеткізілген азаматтар мен оларды тасымалдаумен айналысқан қызметкерлер 14 күн карантинде болады.

Айта кетейік, Diamond Princess лайнері Иокогамадан 20 қаңтар күні шығып, 3 ақпан күні қайта келді. Жолаушылардың арасындағы Қытай азаматынан коронавриус анықталды. Ол 25 қаңтар күні Гонконгтан түсіп қалған. Жапония билігінің шешімімен 50 елден келген 3,7 жолаушысы мен экипаж мүшелері бар кемеде 5 ақпаннан бастап, екі апталық карантин жарияланды.

Осыған дейін Жапониядағы лайнерде болған 4 қазақстандықтың Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылғандығын жазған болатынбыз.