28 мың ерікті қатысқан ІІІ клиникалық сынақтың аралық қорытындысы ПТР-дың оң нәтижесі бар жағдайда бастапқы тиімділігі 66,6%-ға жеткенін көрсетті.
ERNUR.KZ. Үндістанның Дәрі-дәрмектер жөніндегі (DCGI) Бас бақылаушысы жұма күні коронавирусқа қарсы ZyCoV-D Zydus Cadila вакцинасын шұғыл қолдануға рұқсатын берді. Үндістанның Ғылым және технологиялар министрлігінің мәлімдеуінше, ДНҚ негізінде жасалған әлемдегі алғашқы коронавирус вакцинасын ересектерге және 12 жастан асқан балаларға салуға болады, деп жазады ҚазАқпарат.
28 мың ерікті қатысқан ІІІ клиникалық сынақтың аралық қорытындысы ПТР-дың оң нәтижесі бар жағдайда бастапқы тиімділігі 66,6%-ға жеткенін көрсетті. Қазіргі кезде бұл Үндістанда COVID-19 вирусына қарсы вакцинаның ең үлкен сынағы. Бұл вакцина бұрын өткізілген І/ІІ сынақ кезінде өзінің иммуногендігін, төзімділігі және қауіпсіздігі тұрақты екенін көрсетті. І/ІІ және ІІІ клиникалық сынақты Мәліметтер қауіпсіздігіне мониторинг жасау тәуелсіз кеңесі (DSMB) қадағалаған.
1 шілдеде штаб пәтері Ахмедабадта орналасқан ірі DCGI фармацевтика компаниясы вакцинаны шұғыл пайдалануға рұқсат алу үшін өтінім жіберген. Компания вакцинаны қазіргі кезде Үндістанның 50-ден астам орталығында ірі клиникалық сынақтан өткізгенін мәлімдеді.
Енді ZyCoV-D – елде қолдануға рұқсат етілген алтыншы вакцина. Үндістанда Serum Institute-тің Covishield, Bharat Biotech-тің Covaxin, ресейлік Sputnik V, американдық Moderna және Johnson and Johnson вакциналары қолданылып келеді.
Плазмида ДНҚ негізінде әзірленген ZyCoV-D вакцинасын тері астына инесіз инъектордың көмегімен салған жөн.
Zydus Group төрағасы Панкадж Р. Патель (Pankaj R Patel) олардың «қауіпсіз, төзімділігі жақсы әрі тиімді вакцинаны» шығара алғанына дән ризашылығын білдірді.
«Осындай шешуші кезеңде және барлық проблемаға қарамастан әлемде коронавирусқа қарсы алғашқы ДНК-вакцинасын шығару – үндістан зерттеуші ғалымдарынң еңбегі және олардың жаңашылдық рухы», - деді ол.